Статистика комитетінен хабарлағандай, ағымдағы жылдың басынан (2019 жылғы тамыз 2018 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі сөкке – 48,2%, күрішке – 20,5%, ұнға – 16%, қой етіне – 12,7%, мұздатылған балыққа – 11,2%, сиыр етіне – 10,6%, жылқы етіне – 10,1%, нанға – 9,4%, құс етіне – 8,7%, макарон өнімдеріне – 8,4%, шошқа етіне – 8%, мәйекті ірімшікке – 6,7%, ет өнімдеріне – 6,5%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне – 5,7%, шайға – 5,3%, шұжық өнімдеріне – 5,1%, кондитерлік өнімдерге – 4,2%, жемістер мен көкөністерге 4,1% белгіленді. Темекі өнімдері – 10,3%, салқындатылған сусындар – 9,6%, алкогольді ішімдіктер 5,9% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жұмыртқаға – 6,5%, құмшекерге – 5,2%, шикі сүтке – 5%, сүзбеге – 2,3%, қарақұмық жармасына 1,6% тіркелді.
Баға өсімі оқу-анықтамалық әдебиетке – 6,3%, балалардың аяққиімдеріне – 6,2%, кеңсе тауарларына – 5,5%, фармацевтикалық өнімдерге – 5%, құрылыс материалдарына – 4,9%, балалардың киімдеріне – 4,4%, тұрмыстық аспаптарға – 4,2%, жиһаз және үйге қажетті заттарға – 4,1%, тоқыма бұйымдарына – 4%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 3,6%, оқушылардың ранеці, рюкзагына 3% құрады. Бензин – 4,5%, дизель отыны, баллондағы сұйытылған газ 0,9%-дан арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға – 11%, ыстық суға – 10,1%, суық суға – 7,8%, кәрізге – 7,2%, электр энергиясына – 5,6%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 4,4%, қоқыс шығаруға 3,6% төмендеді.
Баға деңгейі санаторийлер қызметтеріне – 10,1%, құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 5%-дан, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға – 4,6%, денсаулық қызметтеріне – 4,5%, қоғамдық тамақтандыру, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне 3,8%-дан өсті.
2019 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 38,8%, азық–түлік емес тауарлар – 29,8%, ақылы қызметтер 31,4% құрады.