Елімізде иондаушы сәуле шашатын 40 мың көз бар, осыншасы анықталып көмілді - Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде иондаушы сәуле шашатын 40 мың көз бар, осыншасы анықталып көмілді - Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы

Елімізде иондаушы сәуле шашатын 40 мың көз бар, осыншасы анықталып көмілді - Атом энергетикасы жөніндегі агенттік төрағасы

АЛМАТЫ. 28-тамыз. Kazakhstan Today. 1-қаңтардағы жағдаймен елімізде иондаушы сәуле шашатын 40 мың көз бар, сондай-ақ, дәл осыншасы анықталып көмілді. Бұл туралы бүгін ҚР атом энергетикасы жөніндегі агенттігінің төрағасы Тимур Жантикин баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 28 Тамыз 2006
  • 1130
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде елімізде иондаушы сәуле шашатын 40 мың көз бар, сондай-ақ, дәл осыншасы анықталып көмілді. Бұлардың басым бөлігі қолданыстан шығып қалған әлсіз көздер»,- деді Т.Жантикин.

Агенттік төрағасының ақпаратына сәйкес, 1-қаңтарда Қазақстанда иондаушы сәуле көздерінің ұлттық регистрі ашылған. «Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп біршама күрделі жұмыстар атқарылды. Біз алғаш рет иондаушы сәуле көздерін легализацияладық»,- деді ол.

«Регистр құру — осы бағыттағы алғашқы қажетті қадам. Қазір бізде иондаушы көздерді есепке алу жүйесі жұмыс істейді. Басқаша айтқанда, елімізге енгізілетін немесе елімізде өндірілетін барлық көздер есепке алынып, ел аумағында көму немесе экспорттау жолымен жойылғанға дейін қадағалауда болады»,- деді Т.Жантикин.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта