Елімізде із-түссіз жоғалып кеткен 1 554 адам әлі табылған жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде із-түссіз жоғалып кеткен 1 554 адам әлі табылған жоқ

Елімізде із-түссіз жоғалып кеткен 1 554 адам әлі табылған жоқ

Қазақстанда соңғы 3 жылда 13 749 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Іздестіру шараларының нәтижесінде 8 515 адамның қайда жүргені анықталыпт

  • 24 Ақпан 2017
  • 519
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда соңғы 3 жылда 13 749 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Іздестіру шараларының нәтижесінде 8 515 адамның қайда жүргені анықталыпты. Ал былтыр хабар-ошарсыз кеткен 1 554 азамат әлі табылмаған. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатында «Хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздестіру бойынша құқық қорғау органдарының қызметін нормативті құқықтық реттеудің жай-күйі мен проблемалары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Сенат төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Бүгін талқыланып отырған хабар-ошарсыз кеткен азаматтарды іздеумен байланысты мәселелер өте маңызды. Себебі, адамның құқықтары мен бостандығы ҚР Конституциясымен қорғалады. Сондай-ақ, бұл Қазақстанның халықаралық міндеті. Шындап келгенде, аталған мәселе қоғамның алаңдаушылығын тудырып отыр», — деді ол.

Бектас Бекназаров өткен жылы із-түссіз жоғалып кеткен 1 554 адамның әлі табылмағанына қынжылыс білдірді.

«ҚР Бас прокуратурасының мәліметіне сәйкес, соңғы 3 жылда ҚР Ішкі істер органдары ұшты-күйлі жоғалып кеткен 13 749 азаматқа іздеу салған. Жүргізілген шаралар нәтижесінде ізім-ғайым кеткендердің 8 515-і табылды. Ал 2016 жылдың қорытындысы бойынша хабар-ошарсыз кеткен 1 554 адам әлі табылмаған. Құқықтық нормалар бойынша кенеттен, себепсіз жоғалып кеткен және қайда тұрып жатқандығы белгісіз азамат хабар-ошарсыз кеткендердің қатарына қосылады», — деді сенатор.

Осы орайда Сенат төрағасының орынбасары азаматтардың жоғалып кетуі көп жағдайда қылмыспен байланысты екендігін жоққа шығармады. Оның пікірінше, бұл фактіге құқық қорғау органдары баса мән беруі керек.


«Соңғы уақытта із-түссіз жоғалудың басты себебі қылмыстық істерге байланысты болып тұр. Сондықтан, іздестіру жұмысын ұйымдастырған кезде Ішкі істер министрлігі осы мәселеге баса мән бергені жөн. Сондай-ақ, жоғалғандарды іздеп-табуда жаңа инновациялық технологиялардың тигізер пайдасы көп», — деп түйіндеді ойын Бектас Бекназаров.