Жарияланды: 350

Елімізде кәсіпкерлер көбейіп келеді

2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде тіркелген заңды тұлғалардың саны 317926 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,5% артты.

Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларына арналған брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық заңды тұлғалардың ішінде 50 адамнан кем қызметкерлері бар нысандар - 301305 бірлікті құраған. «Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны - 174953, оның ішінде 159300-і - шағын кәсіпорындар. «Республикадағы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 229865 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,2% артты», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін