Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларына арналған брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, барлық заңды тұлғалардың ішінде 50 адамнан кем қызметкерлері бар нысандар — 301305 бірлікті құраған. «Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны — 174953, оның ішінде 159300-і — шағын кәсіпорындар. «Республикадағы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 229865 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,2% артты», — деді ол.