Caravan Logo

Елімізде кәсіпкерлер көбейіп келеді

Елімізде кәсіпкерлер көбейіп келеді

Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының 2012 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларына арналған брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, барлық заңды тұлғалардың ішінде 50 адамнан кем қызметкерлері бар нысандар - 301305 бірлікті құраған. «Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны - 174953, оның ішінде 159300-і - шағын кәсіпорындар. «Республикадағы тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны (заңды тұлғалар) 229865 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,2% артты», - деді ол.