Атап айтсақ, Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қаласындағы Үшарал орта мектебіне ұстаз Мұхаметбай Мыңбайұлының есімі берілді. Маңғыстау облыстық көркем және қолданбалы өнер мұражайына суретші Шаймардан Сариевтің есімі берілді. Ал Семей қаласындағы «Жас ұлан» ұлдар лицейі бұдан былай ағартушы әрі этнограф Шоқан Уәлихановтың атымен аталады. Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Молодежный ауылындағы қазақ орта мектебіне «Алашорда» қозғалысының жетекшілерінің бірі Райымжан Марсековтың аты берілді.
Алматыдағы №154 орта мектепке танымал түркітанушы ғалым, профессор Иштван Қоңыр Мандокидің есімі берілді. Елордасындағы қазақ тілін тереңдетіп оқытатын №7 арнаулы мектепке ақын Ғали Ормановтың, №40 ота мектепке академик Әлікей Марғұланның есімі бұйырды.
Сонымен бірге қаулыға сәйкес, Алматы облысы Көксу ауданы Мұқаншы ауылдық округіндегі Ф.Энгельс атындағы мектеп бұдан былай «Жетіжал» орта мектебі деп, ал Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауданындағы В.Ленин атындағы орта мектеп «Жетіарал» орта мектебі деп аталатын болды.