Елімізде киіктер тағы қырылып қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде киіктер тағы қырылып қалуы мүмкін

Елімізде киіктер тағы қырылып қалуы мүмкін

Киік тағы қырылып қалуы мүмкін. Ауыл шаруашылығы министрлігі «ақбөкендерге жұт келе жатыр» деп дабыл қақты. Өйткені бүгінге дейін індет себептері анықталмаған. Егер ауру қайтара соқса, қарсы тұруға мамандардың еш қауқары жоқ екен. Ал, алдыңғы апаттың себебін анықтауға бөлінген миллиондар «жұғынға жұқ болмапты». 

  • 20 Қазан 2015
  • 281
Фото - Caravan.kz

— Әбеке, сізге алдымен 332 миллионға есеп беру қажет.

— Бұл сіздің мәселеңіз емес. Нәтиже бар.  

Бүгін арнайы құрылған комиссия сол зерттеуге деп бөлінген  қазына қаржысының есебіне жете алмай бір-бірімен жаға жыртыса жаздады. Жалпы, жұқпалы індет ақбөкендерді соңғы төрт жылдан бері шыр айналдырып келеді. Жұттың нақты себебін анықтау үшін зерттеу институттарына 332 миллион теңге берілген екен. Сол ақша таусылыпты. Шенеуніктер енді тағы  350 млн керек деп отыр. Ал, ақбөкендерге апаттың неден келгені әлі сол күйде белгісіз. Отандық ғалымдардан қайыр болмаған соң Ауыл шаруашылғы министрлігі сырттан мамандар шақыртқан. Алайда, шетелдік ғалымдар да қатырмапты. Естеріңізге салсақ, мамырдың ортасында еліміздің үш аймағы – Қостанай, Ақмола, Ақтөбе облысында 200 мыңдай киік қырылып қалған болатын.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

Зерттеудің нәтижесі бойынша киіктердің пастереллезден қырылғаны анықталды. Бірақ, індеттің себебі әлі белгісіз. Ол үшін аз ақша жұмсалған жоқ. Зерттеу жүргізетін институттардың бәрі Білім минстрлігіне қарасты. Ал, Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктерді браконерлерден қорғауға ғана жауапты.

Соңғы жаңалықтар