Елімізде кім судья бола алады - kaz.caravan.kz
  • $ 516.16
  • 584.86
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
4 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде кім судья бола алады

Елімізде кім судья бола алады

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Жоғарғы Сот Кеңесінің өкілі кім және қалай судья бола алатыны туралы айтып берді

  • 26 Желтоқсан 2024
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Нұрия Сисенованың айтуынша, 30 жасқа толған, заң саласында жоғары білімі және заң мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар ҚР азаматы судья бола алады.

Елімізде судья мамандығына кіру 2 жолмен жүзеге асырылады. Біріншісі – бұл Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясында тиісті оқудан өту және оның қорытындысы бойынша судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру. Екіншісі – Кеңес жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын сәтті тапсыру.

Сот төрелігі академиясында оқудың артықшылықтары: оқу мерзімі 1 жыл, оқу мерзімі кезінде жұмыс орны және толық еңбекақы мөлшері сақталады, Астана қаласының соттарында тағылымдамадан өту, Шалғай аудандарда судья лауазымына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі беріледі. Академия түлектері соттарда тағылымдамадан өтуден босатылған, – деді Нұрия Сисенова брифингте.