Елімізде "Көктем-2004" атты республикалық оқу-жаттығулар аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде "Көктем-2004" атты республикалық оқу-жаттығулар аяқталды

Елімізде "Көктем-2004" атты республикалық оқу-жаттығулар аяқталды

Бүгін, 5-наурызда "Төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар, басқарушы органдар, апаттан құтқару қызметтері мен тұрғындардың елді мекендер мен аумақтар су астында қалған немесе осындай қауіп төнген жағдайдағы іс-әрекеттері" деген тақырыпта "Көктем-2004" атты командалық-штабтық оқу-жаттығулар аяқталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Наурыз 2004
  • 455
Фото - Caravan.kz

Жаттығулар штабы Маңғыстау облысында орналасты.

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі төрағасының орынбасары Валерий Петровтың Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында атап көрсеткеніндей, «Көктем-2004» атты командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізетін штаб орталығы ретінде Маңғыстау облысының таңдалуында өзіндік себеп бар. Бұл, бірінші кезекте ғаламдық тауқыметке, «Каспий теңізінің су деңгейінің арагідік көтеріліп-төмендеу проблемасына байланысты болмақ». «Бұл проблемамен дүниежүзі ғалымдары айналысқанымен, құбылысқа күні бүгінге дейін ешкім аргументті ғылыми түсінік бере алған жоқ»,- деді ол. В.Петровтың айтуынша, бұл проблема Ақтауға анау айтқандай алапат қауіп әкелмегенімен, облыстың басқа аудандары үшін үлкен қатерге айналып отыр. Мәселен, қазірдің өзінде бөгетпен қорғалған мұнай кеніштері пайда болды.
Сондай-ақ, жаттығуларды басқару штабын осы өңірде орналастыруға нөсерлердің молаюы де өзіндік әсерін тигізіп отыр. Жаттығулардың қорытындысын шығарған В.Петров «облыстағы барлық қызметтер төтенше жағдайдың зардаптарын жою жұмысына жалпы алғанда әзір» деп атап көрсетті.
Оқу-жаттығулар төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардабын жою жөніндегі мемлекеттік жүйе шараларының аясында өткізілді.
Жаттығулар мақсаты — облыстық, қалалық және аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар, басқарушы органдар, апаттан құтқару қызметтері мен тұрғындардың елді мекендерге су астында қалу қаупі төнген жағдайдағы іс-әрекеттерге дайындығын тексеру болды. Сондай-ақ, барлық деңгейдегі шұғыл кезекшілікті ұйымдастыру жайын тексеру, болжау және диспетчерлік қызметтердің жұмысы мен жедел жоспарлау және басқару жүйесін тексеру, зілзала болған жағдайдағы жергілікті атқарушы және орталық органдардың өзара ықпалдастық деңгейіне баға беру, тіршілік қамтамасыздығы нысандарының беріктігін арттырып, потенциалдық қауіпті нысандардың жұмыс қауіпсіздігін күшейту, хабарландыру және байланыс жүйесінің дайындық деңгейін тексеру мақсаты да көзделді.
Жаттығуларға барлық деңгейдегі әкімшілік басқару органдары, төтенше жағдайлар жөніндегі басқармалар, ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің күштері, ҚР қорғаныс министрлігі мен ҚР ІІМ-нің бөлімшелері, көлік және коммуникация, денсаулық сақтау министрліктерінің бөлімшелері, гидрометеорологиялық орталықтар, потенциалдық қауіпті шаруашылық нысандары мен тіршілік қамтамасыздығы нысандарының бөлімшелері жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар