Елімізде көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Елімізде көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Қазақстанда әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны басталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

  • 18 Наурыз 2017
  • 828
Фото - Caravan.kz

2017 жылғы көктемде Қарулы күштерге, Қазақстан Республикасының өзге де әскерлері мен әскери құрылымдарына 1999-1990 жылғы 16 мыңнан астам азаматтарды шақыру жоспарланған. Әскерге шақырылым Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы «Мерзімді әскери қызметті өткерген әскери қызметшілерді, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз — маусымында және қыркүйек — желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес басталады.

Биылғы жылғы көктемде мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар шақырылуға жатады. Шақырылушылар медициналық куәландыру мен әскери қызметке жарамдылығын анықтаудан өткізілетін өздері әскери есепке алынған жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерге бару қажет. Жасақтау осыған дейінгі тәрізді бұрынғы аймақтық қағида бойында жүзеге асатын болады. Яғни, шақырылушы әскери қызметін өткеру үшін басқа аймаққа жіберіледі. Әскер қатарына толықтырылатын жас азаматтарды іріктеу және әскери бөлімдерге таратып үлестіру кезінде олардың шақырылымға дейін алған мамандықтары ескеріледі. Шақыруды ұйымдастыру тәртібі мен медициналық куәландыру шаралары өткізу мәселелерін жедел түрде шешу үшін Қазақстан Қорғаныс министрлігінде осы кезең аралығында арнайы «жедел желі» жұмыс жасайтын болады.

Жауапты лауазымды тұлғалар азаматтардың қызығушылығын тудырған сауалдарына жауап беріп түсіндіреді. Мына телефон нөмірлері бойынша хабарласып кеңес алуға болады:8 (7172) 72-13-89 және 72-16-06.


 

Соңғы жаңалықтар