Елімізде көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі азайтылмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі азайтылмақ

Елімізде көлік жүргізушілеріне салынатын айыппұл көлемі азайтылмақ

Айыппұл көлемін төмендеду әкімшілік құқықбұзушылықтың 14 құрамы бойынша жүзеге асады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Сенатта өткен Үкімет сағатында айтты.

  • 28 Сәуiр 2017
  • 373
Фото - Caravan.kz

Әкімшілік заңнаманы гуманизациялау мақсатында біз тәжірибелерді зерттей отырып, әкімшілік құқықбұзушылықтың 14 құрамы бойынша айыппұл көлемін төмендету керек деген шешімге келдік", — деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша, жол ережелерін өрсекел бұзушыларға бұл өзгерістердің қатысы болмайды.

"Мәселен, көліктің рұқсат етілмеген жерге тоқтауына салынатын айыппұл көлемін азайтпақпыз. Ал, көліктің шамын жақпаған жүргізушілер бірінші рет тек ескерту алады, келесі жолы бұзса ғана айыппұл салынбақ", — дейді Қасымов.

Министрдің айтуынша, 2017 жылдың алғашқы тоқсанында жол ережесін бұзу фактілері еліміз бойынша 13,2 пайызға азайған. Сондай-ақ, жол апатынан қаза тапқандар саны 27,2 пайызға, жарақат алғандар саны 10,4 пайызға төмендеген.


Соңғы жаңалықтар