"Елімізде көп жағдайда істер әділетті түрде үкім шығарады, соттың әділеттілігіне сенеміз" - адвокат - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Елімізде көп жағдайда істер әділетті түрде үкім шығарады, соттың әділеттілігіне сенеміз" - адвокат

"Елімізде көп жағдайда істер әділетті түрде үкім шығарады, соттың әділеттілігіне сенеміз" - адвокат

Елімізде сот жүйесі қаншалық әділетті? Әділетсіз үкімдер қаншалықты шығып жатады? Онымен күресу мүмкін бе?

  • 29 Ақпан
  • 231
Фото - Caravan.kz

Осы және өзге де Caravan.kz медиа порталы тілшісінің сұрақтарына заңгер Тілеужан Кішкенебаев жауап береді.

— Сіз адвокат болғаннан кейін сот істеріне көп қатысасыз. Қандай клиенттеріңіз болса да қорғап жатасыз. Елімізде сот жүйесі қаншалықты әділетті? Қаншалықты дұрыс немесе бұрыс?

— Дұрыс айтасыз, адвокат қандай клиентті алса да оны қорғауға міндетті болып табылады. Мен мысалы елді дүр сілкіндірген экс-министрді қорғауға алмас едім. Өйткені оның салдарын өзіңіз жақсы білесіз. Ал енді сот істеріне келетін болсақ, көп жағдайда істер әділетті түрде үкім шығады. Мысал келтірейін сізге. Осы жылдың басында, яғни қаңтар айында Алматыда туған інісінің атынан заңсыз құжат жасатып, үйді көңілдесіне сыйлап жіберген азаматқа қатысты сот отырысы өтті. Өте күрделі, жүректі ауыртатын жағдай. Дегенменде мен сол інісің адвокаты болдым. Ол жерде өте әділетті үкім шықты. Біздің сенім білдіруші Рахман Шалқардың арыз-талабы негізінде қозғалған қылмыстық іс бойынша туған ағасы Ержан Шалқарға қатысты сот 6 жыл, 6 айға бас бостандығынан айыру жөнінде жаза белгіленді. Естеріңізде болса, Ержан Шалқар өзінің туған інісінің үйін өз атына жалған құжаттар жасау арқылы көңілдесінің атына аударып жіберген болатын. Бауыры  үйсіз, күйсіз далада қалған еді. Қазіргі таңда сот 6 жыл, 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Біз қазіргі таңда азаматтық тәртіппен Шекер Ақсарайдың атына өтіп кеткен баспананы кері қайтару бойынша мәселе көтеріп жатырмыз. Осындай істерді көргеннен кейін, бас қасында болғаннан кейін сот отырысы әділетсіз өтеді деп айтуға аузым бармайды.

— Сот отырысы елімізде қаншалықты ашық түрде өтеді?

— Бұл енді сот қызметкерлеріне қойылатын сұрақ, дегенменде адвокат ретінде жауап беретін болсам заң бойынша сот талқылауы ашық түрде өтеді. Егерде заңда көзделген жағдайларды қоспаған кезде. Кез келген адам сот отырысына қатысуға құқылы. Сот отырысы елімізде ашық түрде өтеді. Оның үстіне сотқа бірнеше күн қалған кезде сізге онлайн түрде қай уақытта, қай жерде соттың өтетіні туралы хабарлама келеді. Хабарлама жіберудің төзі ашықтық деп есептеймін. Өйткені, осылай алдын ала хабарлама жіберу, арыз берушіні де, күдіктіні де хабардар ету барлық елде бірдей бар деп айта алмаймын. Сондықтан да әрине сот отырысы елімізде ашық түрде. Дегенменде тағы қайталайын, бұл сұраққа сот қызметкерлеріне сізге нақты, ашық түрде жауап бере алады. Оның қалай болатыны, қандай процесттер мен этаптар өтетінін егжей-тегжейлі түрде жауап бере алады.

— Өзіңіз қазір қандай іспен айналысып жатырсыз?

— Алматы облысы, Қарасай ауданында орналасқан кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотта үш бірдей бала анасымен емес, әкесімен бірге тұрғысы келетін іс өтеді. Егер есіңізде болса, Мамбетов деген азамат балаларының өзімен бірге тұруға арыз түсірген болатын. Себебі,  үш бірдей бала анасымен емес, әкесімен бірге тұрғысы келеді, олар әкелерімен бірге тұру жайлы екенін айтқан болатын. Сол іске байланыс болып, қазір сотта ісіміз қаралып жатыр. Біз тек балалардың мүддесі үшін ғана жұмыс жасап жатырмыз. Балалар кіммен тұрғанын қалайды, кіммен тұрған жайлы, балалаларға кіммен тұрған ұнайды, сол пікірлерімен санасып отырмыз. Сотта біздің ойымызды қуаттайды деп ойлаймын. Әділ үкім шығады деп те ойлаймын. Себебі, балалардың ойы өте маңызды. Балалардың ойымен санасу керек. Егер олардың ойынынан ауытқып кететін болсақ керісінше дұрыс емес шешім шығып жатпайды деп үміттенемін. Өйткені, балалар аналарынан бірнеше рет қашып кеткен, олар қашып жүргенде бірдеңе болып қалатынына ешкім кепілдік бере алмайды. Сондықтан кейінгі процесстің бәрін ойлау керек.Өйткені, соттың шешімінен кейін қандай жағдай болатынын Құдай ғана біледі. Сондықтан сот шешім шығарар алдын осының бәрін ескерсе екен деймін. Сотқа сенеміз, әділ шешім шығаратынына сенеміз. Алдағы уақыттың соттың шешімімен бөлісетін боламын.

Дүниежүзілік экономикалық форумның бəсекелестікке қабілеттіліктің ғаламдық индексінің екі жылдағы рейтингінде (2017-2019 жж.) «Сот тәуелсіздігі» критерийі бойынша Қазақстан 79-орыннан 71-орынға көтерілді. Көрсеткіштер бойынша, Қазақстан сот жүйесінің рейтингі көптеген елден жоғары. Мәселен, Қазақстан соттарында азаматтық және экономикалық даулар бойынша істерді қараудың орташа мерзімі 32 күн болса, бұл жағдай Ресейде – 50, Украинада – 128, Гер­манияда – 219, Францияда – 420, Италияда – 527 күнге тең екен. Ал Орта Азия бойынша мұн­дай істерді қарау мерзімі 201 күнге дейін жетеді. Демек, Қазақстанда істер алты есе қыс­қа уақытта қаралады. Соттарда ақ­парат­тық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөнінен Қазақстанның көрсеткіші – 9.23 ұпай. Бұдан жоғары көрсеткіштерге 45 қатысушының ішінде тек үш ел ғана – Латвия (9,79), Эстония мен Португалия (9,25 балдан) ие болды. Бұл сот төрелігінің тиімділігі бойынша Еуропалық комиссияның есебіне (CEPEJ) алғаш рет қатысқан Қа­зақ­стандағы сот төрелігі жүйесінің жет­кілікті дамығанын көрсетсе керек. Кейінгі жылдары судьялыққа үміт­кер­лерге қойылатын талап күшейтіліп жатыр. Судьялардың кәсіби қызметін бағалайтын жаңа әдістеме қабылданды. Жоғарғы Сот жанынан құрылған Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр. Судьяларды іріктеу, соттардың кадрлық резервін қалыптастыру және оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту толығымен Жоғары Сот кеңесінің құзырына берілген. 2018 жылға дейін әрбір төртінші кан­ди­дат судья болып тағайындалса, бүгінде судья болу үшін конкурста бір орынға 20-ға жуық үміткер бақ сынап жатыр. Кейінгі кезде Сот төрелігінің сапасы ко­миссиясы жаңа әдістеме бойынша бағалаудан өткен әр оныншы судьяны жұмыстан бо­сату­ға немесе басқа қызметке ауыстыруға ұсы­ныс жасады. ҰҚК мамандарынан құралған Қауіпсіздік қызметі күшейтілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметімен бірлескен жұмыс тоқтаусыз жүргізіліп жа­тыр. Құқық бұзушыны ұстау операциясының бірде-бірінің орындалмай қалған кезі болған жоқ. Соңғы үш-төрт жылда 30-ға жуық судья қылмыстық жауапкершілікке тартылып, олардың 13-і сотталды, қалған біразының ісі соттың қарауында, кейбіреулері қызметінен босатылған.

Соңғы жаңалықтар