Елімізде кремний өндірісінің негізін қалау көзделіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 526.11
  • 542.31
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде кремний өндірісінің негізін қалау көзделіп отыр

Елімізде кремний өндірісінің негізін қалау көзделіп отыр

Бүгін, 8-қазанда ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен үкіметте өткен кеңесте Қазақстанда кремний өндірісін құру жобасын жүзеге асыру мәселелері сарапқа салынды,- деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметінен.

  • 8 Қазан 2003
  • 638
Фото - Caravan.kz

Кеңес барысында атап көрсетілгеніндей, еліміздегі кварц және кварцит кеніштеріндегі шикізат қоры, қолда бар өнеркәсіптік база мен инфрақұрылым кремний мен жоғары технологиялық туынды өнімдерді көп шығын шығармай-ақ өндіретін жаңа өнеркәсіптік кешен құруға мүмкіндік береді.

Кремний өндірісін құрудың алғашқы кезеңінде жоба бюджет есебінен қаржыландырылады деп күтілуде. Ал болашақта қаржыландыру функциясы Инновациялық қор, Қазақстан даму банкі тәрізді даму институттары мен басқа да нарық институттарына беріледі.
Кеңес барысында сондай-ақ, қазір жұмыс істеп тұрған инжиниринг және технологиялық трансферттер орталығының аясында «Жаңа материалдар» атты арнаулы орталық құру мүмкіндігі сарапқа салынды. Жаңа құрылым өз іс-қызметінің алғашқы кезеңінде елімізде кремний өндірісінің негізін қалау барысын ғылыми-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету және ұйымдастырумен айналысса, болашақта отандық ғалымдардың әр саладағы келешегі бар жобаларын жүзеге асырумен бірге, ғылыми мекемелерге жаңа технологиялар жасау және оларды өндірісте қолданысқа енгізу барысында қызмет көрсететін болады.
Д.Ахметовтың пікірінше, мұндай құрылымды дүниеге әкелу — қазіргі таңда мемлекетіміз алға қойып отырған инновациялық даму мақсаттарын жүзеге асыру тұрғысынан алғанда өзекті әрі толық ақталады. Үкімет басшысының айтуынша, Қазақстан ғылымы қазірдің өзінде бәсекелестік қабілеті бар жобаларды шығара бастады.