Жақын күндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарында күн қатты суытады деп күтілуде. Тіпті, кей жерлерде минус 8 градусқа дейін үсік жүру қаупі бар. Сондықтан, әсіресе түн мезгілінде жылы киінуді ұмытпаған абзал. Синоптиктер тек ел шығысы мен оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады деп отыр. Бірақ бұл аймақтардың басым бөлігін тұман басып, жел тұруы мүмкін.