Елімізде күзгі әскер қатарына шақыру науқаны басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде күзгі әскер қатарына шақыру науқаны басталды

Елімізде күзгі әскер қатарына шақыру науқаны басталды

Елімізде 2003-жылғы күзгі әскер қатарына шақыру науқаны басталды,- деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінен.

  • 2 Қазан 2003
  • 1031
Фото - Caravan.kz

Әскерге шақыру науқаны «ҚР жалпыхалықтық әскери борышын өтеу және әскери қызмет туралы заңы», Қазақстан президентінің 2003-жылғы 27-наурыздағы жарлығы, республика үкіметінің 4-сәуірдегі қаулысына және қорғаныс министрінің 27-наурыздағы бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, мерзімді әскери борышын өтеуге Қазақстан республикасының 1985-1976-жылдар аралығында туған, әскер қатарына шақырудан босатылған немесе шақыру мерзімін шегеруге құқылы ер азаматтары шақырылады. Бірінші кезекте Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінде әскери мамандықтар бойынша дайындықтан өткен, сондай-ақ, жоғары білім игерген және әскерге шақыру мерзімін шегеру құқығынан айрылған әскер жасындағы Қазақстан азаматтары шақыруға ілігеді.
Әскер қатарына шақыру науқаны ҚР қорғаныс министрі бекіткен жоспарға сәйкес желтоқсан айына дейін жалғасады.
ҚР қорғаныс министрлігінен хабарлағанындай, әскери бөлімшелерді жасақтау шарасы негізінен аумақтық принцип бойынша жүзеге асырылады.

Соңғы жаңалықтар