Енді оны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі қарастыруға міндетті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Kazinform-ға сілтеме жасап.
«ҚР ӘРПК-нің 90-4-бабына сәйкес, 50 000 қол жиналғаннан кейін, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі өтінішті қарауға қабылдады. ҚР ӘРПК-нің 90-5-бабына сәйкес, петицияны қарау мерзімі — оны тіркеген сәттен бастап 40 жұмыс күніне дейінгі уақыт аралығын қамтиды», — делінген хабарламада.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі тараптардың, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құралған жұмыс тобының қызметін ұйымдастырады.
Өтінішті қарау процесі заңнама талаптарына сәйкес жүргізілетін болады.