Елімізде мәслихат депутаттығынан үміткерлерді тіркеу аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде мәслихат депутаттығынан үміткерлерді тіркеу аяқталды

Елімізде мәслихат депутаттығынан үміткерлерді тіркеу аяқталды

Елімізде мәслихат депутаттығынан үміткерлерді тіркеу аяқталды. Орталық сайлау комиссиясының алдын-ала қорытындысы бойынша, 11-тамыздағы сағат 10-дағы жағдаймен елімізде 7552 кандидат тіркелді.

  • 11 Тамыз 2003
  • 446
Фото - Caravan.kz

Облыстық мәслихаттарға 1812 адам тіркелді. Ал 103 адам кандидаттықтан аттарын қайтарып алды. Аудандық мәслихаттарға 3667 кандидат тіркелді. 236 адам кандидатурасын кері қайтарып алды. Қалалық мәслихаттарға 2073 адам тіркелді. 148 адам кандидатурасын кері қайтарды.

Орталық сайлау комиссиясынан хабарлауынша, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңға сәйкес, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары кандидат ресми тіркелген күннен бастап сайлау басталғаннан бір күн бұрынғы сағат 0-ге дейін жалғасады. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәслихаттарға депутат сайлау 2003-жылдың 20-қыркүйегіне белгіленген.

Соңғы жаңалықтар