Мәжіліс депутаттығынан үміткерлердің атын ұсыну 18-шілдеде басталып, 9-тамыз, дүйсенбіге дейін созылды. Кандидаттарды тіркеу 18-тамызға дейін жалғасады.
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, 8-тамыз күнгі жағдаймен мәжіліс депутаттығынан үміткер 556 адамның аты ұсынылды. Соның ішінде 307 адам дербес ат ұсынса, «Отан» партиясынан 64 кандидаттың, «Асар» партиясынан — 42, «Ақ жол» партиясынан- 40, «АИСТ» блогынан — 28, «ҚКП мен Демократиялық таңдау партиясы» блогынан — 24, Демократиялық партиядан — 16, Патриоттар партиясынан — 11, «Ауыл» партиясынан- 8, Халықтық Коммунистік партиядан — 7 , «Руханият» партиясынан — 5 адамның аты ұсынылды. 251 адам тіркелді. Мәжіліс депутаттарын сайлау 19-қыркүйекке белгіленген.