Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің бейресми қатынасы қатаң бақылауға алынады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің бейресми қатынасы қатаң бақылауға алынады

Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің бейресми қатынасы қатаң бақылауға алынады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызметкерлердің этикаға қайшы әрекеттеріне байланысты азаматтардың арыздарын қатаң бақылауға алады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

  • 29 Қыркүйек 2016
  • 433
Фото - Caravan.kz

Қайта құрылған Агенттік жұмысының басым бағыттарының бірі — жемқорлыққа қарсы заң бұзушылықтың алдын алу және мемлекеттік қызметкерлердің жемқорлыққа деген нөлдік төзімділігін қамтамасыз ету.

«Агенттік азаматтардың мемлекеттік қызметкерлердің этикаға қайшы әрекеттеріне қатысты арыздарын үнемі тіркеп отырады.  Азаматтар жиі мемлекеттік қызметкерлер арасындағы бейресми көңіл бөлуі жайлы айтады. Бұл — сыйлық жасау, түрлі форматтағы ойын-сауық шараларын ұйымдастыру, қызметтік субординацияны сақтамау», — делінген хабарламада.

Әдетте, тексеру жұмыстары кезінде оң нәтижеге қол жеткізу үшін лауазымды тұлғаларды көңіл көтеру мекемелеріне апарады, бағалы сыйлық сыйлайды, сонымен қатар пара береді.

Мәселен, Агенттік Қарағанды облысында тексеру жұмыстарын жүргізген Қаржылық бақылау комитетінің лауазымды тұлғаларына «ерекше көңіл бөлу»  фактілерін анықтады.  Мұндай заңбұзушылықтар өңірлік мектептерді тексерген ОҚО және Ақтөбе облыстары бойынша білім беру саласын бақылау департаменттерінің лауазымды тұлғалардың әрекеттерінен байқалды.  Осыған ұқсас жағдайлар денсаулық сақтау және жер қатынастары салаларында тіркелді.

Сонымен қатар, басшылардың туған күнін тойлау үшін қызметкерлерден ақша жинау фактілері кездеседі. Бүгінде мұндай жағдайлар орталық және жергілікті деңгейдегі мемлекеттік аппаратта кездеседі.  


Агенттік азаматтардың мұндай әр арызы қатаң бақылауға алынатынына уәде етті және мемлекеттік қызметкерлерді этикалық нормалар мен жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға шақырады.