Елімізде міндетті вакцинациялау мерзімі қайта қаралатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде міндетті вакцинациялау мерзімі қайта қаралатын болды

Елімізде міндетті вакцинациялау мерзімі қайта қаралатын болды

ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі вакцинациялау мерзімін қайта қарастыруды тапсырды.

  • 13 Шiлде 2021
  • 1043
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Вице-премьер мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында мемлекеттік органдарға қысқа мерзімде келесі міндеттерді жүзеге асыруды жүктеді: 

  • коронавирусқа қарсы іс-қимыл шараларын түбегейлі қайта қарау Стратегиясын әзірлеу;
  • 19 шілдеге дейін шағын және орта бизнес қызметкерлеріне вакциналау жүргізудің нақты мерзімдерін қайта қарау және белгілеу;
  • "Pfizer" компаниясымен келісімге қол қою жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және вакцинаны жеткізу туралы келісімшарт жасасуды қамтамасыз ету;
  • 19 шілдеге дейін міндетті вакциналауға жататын қоғамның тіршілік ету салаларын анықтау;
  • ПТР-тестілеудің бірыңғай базасына ұқсас вакциналаудың цифрлық картасын іске қосу мәселесін пысықтау;

  • 19 шілдеге дейін "Ashyq" сияқты цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану басымдығымен мобильді мониторингтік топтардың жұмысын қайта форматтау бойынша ұсыныстар енгізу;
  • эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандырудың қолданыста болатын қағидаларын әзірлеу және бекіту;
  • жаңа оқу жылында оқушылар мен студенттерді оқытудың дәстүрлі нысанын қайта бастау кезінде педагогтер мен оқушылардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу.