Елімізде облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерінің сайлауы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде  облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерінің сайлауы өтуде

Елімізде облыстық маңызы бар қалалар мен аудан әкімдерінің сайлауы өтуде

АСТАНА. 20-қазан. Kazakhstan Today. Бүгін елімізде аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы өтуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Қазан 2006
  • 560
Фото - Caravan.kz

«Сайлауға қатысатын 135 үміткер тіркелген»,- деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сайлау Ақмола облысының Ақкөл, Есіл, Жарқайың, Зеренді және Қорғалжың аудандары мен Степногорск қаласында; Ақтөбе облысының Әйтеке би, Алға, Ырғыз және Уыл аудандарында; Алматы облысының Балхаш, Қарасай, Кербұлақ, Көксу және Райымбек аудандары мен Текелі қаласында; Атырау облысының Қызылқоға және Мақат аудандарында; Шығыс Қазақстан облысының Абай, Бородулиха, Глубоковский, Күршім және Шемонаиха аудандары мен Риддер қаласында; Жамбыл облысының Жамбыл, Қордай және Талас аудандарында; Батыс Қазақстан облысының Бөкейорда, Қаратөбе, Сырым және Шыңғырлау аудандарында; Қарағанды облысының Ақтоғай, Осакаровский және Нұра аудандары мен Приозерск, Сәтпаев және Теміртау қалаларында; Қызылорда облысының Арал және Жаңақорған аудандарында; Қостанай облысының Амангелді, Әулиекөл, Қамысты, Қарасу және Қостанай аудандары мен Рудный қаласында; Маңғыстау облысының Бейнеу ауданы мен Жаңаөзен қаласында; Павлодар облысының Қашыр,Май және Успенский аудандары мен Екібастұз қаласында; Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар, Ғабит Мүсірепов атындағы, Қызылжар және Тайынша аудандарында; Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал, Созақ және Түлкібас аудандары мен Арыс қаласында өтеді.

Сайлау нәтижесі 26-қазанда жария етіледі. Ол жанама сайлау құқығының негізінде жүзеге асырылады, басқаша айтқанда, әкімдерді тиісті мәслихаттардың депутаттары сайлайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта