«Кеше 19-қыркүйекте үміткерлердің атын ұсыну кезеңі аяқталды. Әкімдіктен үміткер ретінде барлығы 148 адамның аты ұсынылды. Олардың төртеуі өз кандидатураларын кері қайтарып алды. Қазір сонымен 144 үміткердің аты белгілі»,- деді В.Фоос.
Оның айтуынша, үміткерлер арасынан 27 адам тіркеуден өткен.
Барлық үміткерлердің жоғары білімі бар, орташа жасы — 48. Ең егдесі 60 жаста болса, ең жасы — 30-да. Бес үміткер — әйел. Үміткерлердің арасында мемлекеттік қызметкерлер, мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері, коммерцичлық құрылымдардың өкілдері бар.
Орта есеппен алғанда, бәсекелестік деңгейі бір орынға 2,4 адамнан келеді. 30 аудан мен 7 қалада бір орынға 2 адамнан келсе, 15 аудан мен 3 қалада 3 адамнан, үш ауданда 4 адамнан келеді. Бір ауданда 5 адам үміткер ретінде ат ұсынған.
Үміткерлерлі тіркеу 24-қыркүйекке дейін созылады. Сайлау 20-қазанда өтеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті