Елімізде өкпенің демікпе дертінің алдын алу және оны емдеуге бағытталған кешенді бағдарлама жобасын жасау қажет - Астмапульмоодақтың төрайымы - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде өкпенің  демікпе дертінің алдын алу және оны емдеуге бағытталған кешенді бағдарлама жобасын жасау қажет - Астмапульмоодақтың төрайымы

Елімізде өкпенің демікпе дертінің алдын алу және оны емдеуге бағытталған кешенді бағдарлама жобасын жасау қажет - Астмапульмоодақтың төрайымы

Елімізде өкпенің демікпе дертінің алдын алу және оны емдеуге бағытталған кешенді бағдарлама жобасын жасау қажет. Бұл туралы бүгін, 3-мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында "Салауатты отан" Медициналық қауымдастығының құрамындағы Астмапульмоодақтың төрайымы Роза Дауылбаева мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 3 Мамыр 2005
  • 1005
Фото - Caravan.kz

Өкпе демікпесіне қатысты проблемаларды шешу үшін Р.Дауылбаева шаралар кешенін ұсынып отыр. Атап айтсақ, елімізде республикалық бюджеттен өкпенің демікпе дертіне шалдыққан барлық науқастарды дәрімен қамтамасыз ету үшін бөлінетін қаржы көлемін ұлғайту қажет. «Облыстық бюджетен қазір бөлінетін қаржы тым мардымыз. Ол тіпті тіркеуде тұрғандарды өзін толыққанды қамтамасыз ете алмайды»,- деді ол.

Сонымен бірге Р.Дауылбаеваның пікірінше, үкімет өкпенің демікпе дертіне шалдыққандарды медициналық-әлеуметтік қамтамасыз ету туралы заң жобасын жасауы тиіс.
Қазіргі жағдаймен елімізде өкпенің демікпе дертіне шалдыққан 45 мың науқас тіркелген. «Ал өкпенің демікпе дертіне шалдыққан адамдарды 40-45 проценті ғана қажетті дәрі-дәрмекке қол жеткізе алады»,- деді Р.Дауылбаева.
Оның айтуынша, бір науқасты бір жыл бойы сапалы емдеп шығу үшін 2 мың доллар қажет. Ал қазір бюджеттен небәрі 16-18 мың теңге бөлінеді.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, дүниежүзінде бұл дертке шалдыққан 150 млн. адам тіркелген. Ұйымның болжамына жүгінсек, 2025-жылы бұл сан тағы да 100 млн. адамға артады.

Перейти к новостям спорта