Елімізде өкпенің созылмалы ентікпе дертімен күрес күні өткізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде өкпенің созылмалы ентікпе дертімен күрес күні өткізілуде

Елімізде өкпенің созылмалы ентікпе дертімен күрес күні өткізілуде

Елімізде биыл тұңғыш рет өкпенің созылмалы ентікпе дертімен күрес күні өткізілуде. Өкпенің созылмалы ентікпе дертімен күрес жөніндегі Ғаламдық бастама былтыр 19-қарашаны аталмыш дертпен күрес күні ретінде жариялаған. Елімізде өкпенің созылмалы ентікпе дертімен күрес жөніндегі Бүкіләлемдік күні өткізілетіндігі туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан отбасылық дәрігерлер қауымдастығынан хабарлады.

  • 19 Қараша 2003
  • 1785
Фото - Caravan.kz

Шара «Өкпенің созылмалы ентікпе дерті туралы ақпаратты әлем назарына жеткізейік!» деген ұран астында өткізіледі. Осыған сәйкес қараша айында еліміздің барлық аймақтарында өкпенің созылмалы ентікпе дертінің алдын алу туралы семинарлар мен конференциялар өтті. Алматыдағы бірнеше ауруханада дәрігерлер мен науқастардың қатысуымен аурулармен күрес жөніндегі бағдарламалардың тұсаукесері өткізілді.

Қазақстан отбасылық дәрігерлер қауымдастығының ақпаратына сәйкес, елімізде аталмыш аурумен дәл қанша адамның ауыратындығы туралы нақты ақпарат жоқ. Оған себеп, біріншіден, ауруға нақты диагноз қоюдың қиындығы мен қазақстандықтардың дерт туралы хабардарлық деңгейінің төмендігі болмақ. Ұйымдастырушылардың пайымдауынша, өкпенің созылмалы ентікпе дертімен күрес күнін өткізуде де халықтың осындай хабардарлық деңгейін арттыру мақсаты алға қойылып отыр.
Мәселен, көршілес Қырғызстанда өкпенің созылмалы ентікпе дертінен қайтыс болу көрсеткіші 4 есе өскен. Осындай мәліметтерді өкпе саулығын сақтау жөніндегі Қырғызстан мен Финляндия бірлескен бағдарламаның үйлестірушісі Нұриля Давлеталиева жария етті. Оның айтуынша, 2002-жылы елде өкпенің созылмалы дертіне шалдыққан 42,5 мың адам тіркелген. Алайда, бұл сан нақты ахуалды шынайы көрсете алмайды.
Мамандардың айтуынша, әлемнің түрлі елдерінде аталмыш дерттен жыл сайын 3 млн. адам көз жұмады. Ал статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазір дүниежүзінде өкпенің созылмалы ентікпе дертіне шалдыққан 600 млн. адам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есептеуінше, 2020-жылы аталмыш ауру Жер шары тұрғындарын өлім мен мүгедектікке душар етуші себептердің арасынан бесінші орынға шығуы ықтимал. Қазір дүниежүзінде өкпенің созылмалы ентікпе дертінен әрбір 1000 еркектің 10-ы мен әрбір 1000 әйелдің 7-і зардап шегуде.

Соңғы жаңалықтар