Республиканың отын-энергетикалық балансы отын-энергетикалық ресурстардан (ОЭР) тұрады, олардың ішіндегі негізгісі табиғи ресурстар болып табылады. Табиғи ресурстар ОЭР-дің жалпы көлемінде 67,8% құрайды. Республиканың табиғи ресурстары құрамындағы мұнай мен газ конденсатының үлесі 50,3%, көмір — 36,1%, табиғи газ — 13,6%-ті құрайды. 2002 жылғы деңгейімен салыстырғанда ОЭР көлемі 9%-ке, ал 2000 жылмен салыстырғанда үштен бір бөліктен аса өсті.
Республиканың отын-энергетикалық балансын талдау нәтижесі көрсеткендей, ең жоғары отын-энергетикалық әлеуетке Павлодар облысы (56,2 млн. шот) ие. Бұл облыс энергияны ең көп пайдаланатын облыс болып табылады (26,1 млн. шот).
Бұдан кейінгі орында Атырау (тиісінше 50,9 және 16,2 млн. шот), Қарағанды (34,9 және 24,9 млн. шот) және Маңғыстау облысы (27,3 және 4,5 млн. шот) тұр. Ең төмен отын-энергетикалық әлеуетке Жамбыл облысы ие (2,7 және 2,3 млн. шот).