Елімізде отандық құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту бағдарламасының жобасы жасалады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде отандық құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту бағдарламасының жобасы жасалады

Елімізде отандық құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту бағдарламасының жобасы жасалады

Бүгін, 28-маусымда өткен кеңесте үкімет басшысы Даниал Ахметов тиісті министрліктер мен мекемелерге отандық құрылыс материалдары мен құрылғылар өнеркәсібін дамыту бағдарламасының жобасын жасауды тапсырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 28 Маусым 2004
  • 1083
Фото - Caravan.kz

Сондай-ақ, үкімет басшысы құрылыс материалдары өндірісін дамытуға инвесторларды тарту үшін басымдық берілген инвестициялық жобалардың тізімін дайындауды міндеттеді.

Таяудағы үкімет отырысында Д.Ахметов 2005-2007-жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру жоспарын сын көтермейді деп қатаң сынағаны белгілі. Ал бүгінгі отырыста толықтырылған шаралар жоспарын қарап шыққан үкімет басшысы жоғарыдағыдай нұсқаулар берді.
Баспасөз қызметінің атап көрсетуінше, мүдделі министрліктер мен мекемелер
Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру шараларының жоспарын жан-жақты толықтыру нәтижесінде ол нақтылы әрі жүйелі сипатқа көшкен.
Бекітуге ұсынылған жоспар ауқымды төрт бөлімге бөлінген. Онда ұйымдастыру шаралары, ұзақ мерзімді ипотекалық несие беру жүйесін жетілдіру, тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша жүйесін дамыту, сондай-ақ, құрылыс индустриясын дамыту шаралары дәйектелген.
Атап айтсақ, жоспарда тұрғын үй құрылысын салу барысында отандық тиісті өнім болған жағдайда бағасы удай қымбат шетелдік құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкцияларды пайдалану мөлшерін азайту қарастырылған.
Шаралар жоспарына ипотекалық несиелер беру шарттары мен тәртіптері туралы халықтың хабардарлық деңгейін арттыруға бағытталған жұмыстарды пәрмендендіру жөніндегі кеңейтілген медиа-жоспар жеке қосымша түрінде әзірленген. Бұл қосымшада тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша жүйесі туралы ақпараттар, сондай-ақ, республикалық бюджеттен бөлінген несиелер есебінен салынған үйлерді тұрғындарға сату ережелеріне қатысты түсініктемелер бар.
Жалпы алғанда, 2005-2007-жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыруға 150 млрд. теңге бөлу межеленіп отыр.

Перейти к новостям спорта