Елімізде өтетін парламент сайлауы саяси элитаның жаңартуларға дайындығын айқындап береді - саясаттанушы Д.Сәтпаев - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде өтетін парламент сайлауы саяси элитаның жаңартуларға дайындығын айқындап береді - саясаттанушы Д.Сәтпаев

Елімізде өтетін парламент сайлауы саяси элитаның жаңартуларға дайындығын айқындап береді - саясаттанушы Д.Сәтпаев

"Елімізде биыл өтетін парламент сайлауы саяси элитаның саяси жаңартуларға дайындығын айқындап беретін лакмус қағазының ролін атқарады".

  • 26 Қаңтар 2004
  • 733
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 26-қаңтарда өткен «Қазақстандағы саяси реформалардың болашағы» атты дөңгелек үстелде саясаттанушы, тәуекел түрлерін бағалау тобының директоры Досым Сәтпаев осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Д.Сәтпаев сыртқы күштер республикадағы ішкі саяси ахуалға әсер етіп, биліктің өзгеруіне алып келген «Грузиялық үлгінің» Қазақстанда да қайталану мүмкіндігі туралы кейбір сарапшылардың пікіріне талдау жасады. Саясаттанушының тұжырымына жүгінсек, Қазақстанға дәл қазір оқиғаның осы бағытта өрбуі мүлдем сәйкеспейді. Оған басты себеп, елімізде «грузиялық үлгінің» қайталануына саяси және экономикалық жағдайлар жасалмаған. Грузияда саяси және экономикалық дағдарыс ұзаққа созылғаны белгілі, әрі онда батысшыл қуатты оппозиция қалыптасты. Д.Сәтпаевтың пайымдауынша, Қазақстанда ондай фактор жоқ.
Сондай-ақ, оның айтуынша, қазақстандық саяси элитаның жаңартуларға дайындығын айқындайтын индикатор ретінде «БАҚ-тар туралы» және «Сайлау туралы» екі заң жобасын талқылауды атауға болады. Аталмыш құжаттарды талқылау барысы саяси элитаның жаңартуларға дайындығы тұрғысында «күдік келтіруге түрткі болып отыр».
Д.Сәтпаев өз сөзінде еліміз экономикасын ырықтандыру мен саяси консерватизм арасындағы тепе-теңдіктің бұзылу проблемасына да тоқталды. «Бұл проблеманы дұрыс шешу көп жағдайда оңды нәтижелерге жеткізіп отырды»,- деді ол. Саясаттанушының айтуынша, «жабық саяси жүйе ахуалында толыққанды нарықтық механизм қалыптастыру да, ұзақ мерзімді экономикалық өсімді қамтамасыз ету де мүмкін емес дегенді ұғыну — дұрыс шешім қабылдауға басты себеп».
Д.Сәтпаев Қазақстанның саяси жүйесінде соңғы уақыттарда пайда болған бірнеше «қызғылықты феноменді» атап өтті. Осындай феномендердің бірі ретінде сарапшы елімізде белсенді контрэлитаның пайда болуын атады. Бұл топқа саясаттанушы «Ақжол» және «Асар» партияларын жатқызады. Саяси сахнада мұндай күштердің пайда болуы «Қазақстанның саяси жүйесінің қазіргі даму қажеттіліктеріне толығымен сәйкеседі»,- деді ол.

Соңғы жаңалықтар