Елімізде өткен тәулікте үш жол апатынан төрт адам қаза тауып, жетеуі жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде өткен тәулікте үш жол апатынан төрт адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Елімізде өткен тәулікте үш жол апатынан төрт адам қаза тауып, жетеуі жараланды

Астана. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Елімізде өткен тәулікте үш жол апатынан төрт адам қаза тауып, жетеуі жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 2 Желтоқсан 2008
  • 463
Фото - Caravan.kz

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Астананың Угольная көшесінде 1 желтоқсанда сағат 12.35-те «Ауди» және «Мерседес» көліктері соқтығысты.

Жол апаты салдарынан 25 жастағы «Ауди» жүргізушісі мен оның жолаушысы оқиға орнында қаза тапты; «Мерседес» жолаушылары, екі бозбала түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Жамбыл облысында 1 желтоқсанда сағат 02.30-да Мерке ауданында Рысқұлов көшесінде 42 жастағы «Мерседес» жүргізушісі ағашқа соғылды.

Апат салдарынан 44 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты; жүргізуші мен тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Тағы бір жол апаты Қарағандыда 1 желтоқсанда сағат 14.02-де болып, Октябрь ауданында «Мазда» және «Тойота» көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 27 жастағы «Мазда» жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты; 22 жастағы «Мазда» жүргізушісі мен «Тойота» көлігінде отырған 32 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар