Елімізде өткен тәулікте жол апатынан 13 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде өткен тәулікте жол апатынан 13 адам қаза тапты

Елімізде өткен тәулікте жол апатынан 13 адам қаза тапты

Елімізде өткен тәулікте жол апатынан 13 адам қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Қазан 2003
  • 358
Фото - Caravan.kz

Агенттік мәліметіне жүгінсек, Ақмола облысында жол апатынан 7 адам мерт болды. Жол апаты Астана-Петропавл тас жолының 118-шақырымында болып, «Мерседес-Бенц» және «ВАЗ-21011» автокөліктері соқтығысып қалды. Апат салдарынан екі жүргізуші мен ВАЗ-дың бес жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, 7 жасар бала жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

Тағы бір ірі жол апаты Маңғыстау облысында болды. 6-шы үлгілі «Жигули» автокөлігі мен «КамАЗ» жүк машинасының соқтығысуы салдарынан ВАЗ жүргізушісі мен үш жолаушы қаза тапты. Тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Сол күні Шығыс Қазақстан облысында шөп тиеген «ЗиЛ-131» автокөлігінің жүргізушісі электр жалғастыру желісін іліп кетті. Соның салдарынан жүргізуші мен оның жолаушысы тоққа соғылып өлді. Сондай-ақ, машина мен оның үстіндегі шөп өртенді. Өртті сөндіруге мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 4 адамы мен бір техникасы жұмылдырылды. Өрт бір сағаттың ішінде сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар