Елімізде пайдалы қазбалар қорын мемлекеттік балансқа енгізу және оны шығару ережелері бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде пайдалы қазбалар қорын мемлекеттік балансқа енгізу және оны шығару ережелері бекітілді

Елімізде пайдалы қазбалар қорын мемлекеттік балансқа енгізу және оны шығару ережелері бекітілді

АСТАНА. 17-тамыз. Kazakhstan Today. Республика үкіметінің қауылысымен елімізде пайдалы қазбалар қорын мемлекеттік балансқа енгізу және оны шығару ережелері бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 17 Тамыз 2006
  • 747
Фото - Caravan.kz



Мемлекеттік балансқа еліміздің жер қойнауында барланған барлық түрлі пайдалы қазбалар енгізіледі. Үкіметтің қауылысында атап көрсетілгеніндей, мемлекеттік баланста пайдалы қазбалардың әрбір түрінің коммерциялық жолмен табылған қорының сапасы, саны мен зерттелу дәрежесіне, олардың орналасуына, өнеркәсіптік тұрғыда игерілу дәрежесіне қатысты мәліметтер болуға тиіс.

Қаулыға сәйкес, мемлекеттік баланқа енгізілетін пайдалы қазбалар қоры өндірілген және өңдеуге жөнелтілген, өндіру барысында жоғалған және жер қойнауында қалған деп жіктеледі.

Пайдалы қазбалар түріне қатысты мемлекеттік балансты уәкілетті мекеме есепті мерзімнен кейінгі жылдың 1-қыркүйегіне дейін жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі аумақтық басқарма таныстырған пайдалы қазбалар қорының балансының негізінде жасайды.

Перейти к новостям спорта