Елімізде педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

Елімізде педофилдер өмір бойына бас бостандығынан айырылады

Қазақстанда зорлық-зомбылық пен педофилия қылмысы үшін жаза күшейтілді.

  • 30 Желтоқсан 2019
  • 27
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Спикердің айтуынша, Мемлекет басшысы қол қойған Қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ҚР Заңы арқылы зорлау (Қылмыстық кодекстің 120-бабы) және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері (ҚК 121-б.) орташадан ауыр санатқа ауыстырылды (ҚК 120-бабының 1-бөлігі, 121-бабының 1-бөлігі – 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру). «Бұған дейін зорлау қылмысы орташа санатта болды және қос тараптың ымыраға келуіне, істі сотқа жеткізбеуге мүмкіндік берілетін. Енді бұл санаттағы қылмыс бойынша мәмілеге келуге тыйым салынады», — деді Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. «Жас балаға қатысты зорлау немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерін жасағаны үшін (Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі, 121-бабы) 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ғана көзделген. Жас балаларды өлтіргені үшін де осындай жаза беріледі. Енді педофилия фактілерін хабарламағаны, жасырғаны және бұрмалағаны үшін (ҚК 416, 432, 434-баптары) жазаның ең жоғары мерзімі — 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру», — деді Марат Ахметжанов. Айта кетейік, Марат Ахметжанов еліміздегі қылмыс ахуалы туралы, сондай-ақ қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру бойынша ҚР Заңының негізгі новеллалары туралы айтып берді. Аталған заңға ҚР Президенті 2019 жылдың 28 желтоқсанында қол қойды және 2020 жылдың 1 қаңтарына күшіне енеді.