Елімізде қаңтардан бастап еңбекақы жаңа ережеге сай төленеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде қаңтардан бастап еңбекақы жаңа ережеге сай төленеді

Елімізде қаңтардан бастап еңбекақы жаңа ережеге сай төленеді

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова мемлекеттік қызметкерлер үшін еңбекақының төлену ережесін түсіндірді деп жазады stan.kz.

  • 17 Қараша 2015
  • 410
Фото - Caravan.kz

Оның сөзінше қызметкерлер категориясына, біліміне, тәжірибесіне, жауаптылығына қарай төртке бөлінеді.  А-тобына басқару бөлімінің қызметіндегілері, В- тобына негізгі жұмысты атқарушылар, С-тобына әкімшілік қызметкерлері, Д-тобына техникалық қызметтерге жауапты азаматтар кіргізіліпті.

«Лауазымы бір қызметкерлерге бірдей жалақы тағайындасақ, біз әділдік принціптеріне қарсы шығамыз. Қызметкерлерді осындай төрт топқа бөлгеніміз өте дұрыс болды деп есептеймін. Әрі еңбек еткеніне қарай ақысы төленетін болады», – дейді министр Тамара Дүйсенова.


Жаңа ережеге сай түрлі сала қызметкерлерінің жалақылары да жоғарыда айтылған ережеге сай көтерілмекші. Оның ішінде еңбекке қызықтыру үшін тағайындалатын сыйақылар да қарастырылады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар