Елімізде "Қаржылық лизинг мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде "Қаржылық лизинг мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң қабылданды

Елімізде "Қаржылық лизинг мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң қабылданды

Бүгін, 18-ақпанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Қаржылық лизинг мәселесіне қатысты кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасына сенаторлар тарапынан енгізілген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 18 Ақпан 2004
  • 490
Фото - Caravan.kz

Заң жобасы арқылы Азаматтық, Азаматтық-процессуалдық кодекстер мен «Қаржылық лизинг туралы» заңға түзетулер енгізілмекші. Бұл заң жобасы бойынша атап айтсақ, ҚР Азаматтық Кодексіне енгізілген толықтыруға сәйкес лизинг жөніндегі келісім-шартының жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін заңдық актілермен айқындауға мүмкіндік жасалады. ҚР Азаматтық процессуалдық Кодексіне енгізілетін толықтырулар лизинг алушы алаяқтыққа барған жағдайда лизинг беруші үшін лизингіге берілген бұйымды ешбір дау-дамайсыз талап ету құқығын заңдастырады. Сондай-ақ, лизинг алушы банкроттыққа ұшыраған, тұтқындалған немесе оның мүлкі тәркіленген жағдайда кәсіпорынды жою немесе оны сауықтыру шаралары барысында лизинг берушінің өз мүлкін кері қайтарып алуын қамтамасыз ететін өзгертулер енгізіледі.

Регламент бойынша заң қабылданды деп табылып, мелмекет басшысына қол қоюға жіберілді.

Соңғы жаңалықтар