Елімізде Қазақстан азаматтары мен шетелдіктерді заңсыз қанау деректері тіркелді- ҚР әділет министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде Қазақстан азаматтары мен шетелдіктерді заңсыз қанау деректері тіркелді- ҚР әділет министрі

Елімізде Қазақстан азаматтары мен шетелдіктерді заңсыз қанау деректері тіркелді- ҚР әділет министрі

Елімізде шетел азаматтарының еңбегін заңсыз пайдалану, Қазақстан азаматтарын жыныстық және еңбек жолымен қанау үшін шетелдерге шығару деректері тіркелді. Бұл туралы бүгін, 29-наурызда Астанада өткен үкімет отырысында ҚР әділет министрі Оңалсын Жұмабеков мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Наурыз 2005
  • 479
Фото - Caravan.kz

«Қылмыстың бұл түрінің жасырындығына және дәлелдеудің қиындығына байланысты еліміздің дәл қанша азаматы адам саудасының құрбанына айналғанын, елімізде дәл қанша адам осындай ахуалда екенін дөп басып айту қиын»,- дейді министр. «Қылмыстық және әкімшілік іс қозғалып, беті ашылған қылмыстар мен заң бұзушылықтардың санына қарай есеп жүргізіледі»,- деді ол.

ҚР бас прокуратурасының мәліметіне жүгінсек, 2005-жлдық ақпан айындағы жағдаймен ҚР Қылмыстық Кодексінің қанау мақсатымен адамдарды шетелдерге және транзитті шығару және сондай қадамға көндіру жөніндегі 128-бабы бойынша 14 қылмыстық іс тіркелген. «Қазіргі жағдаймен алты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Олардың арасынан үш іс бойынша төрт адамға қатысты үкім шығарылды»,- деді О.Жұмабеков.
Министрдің мәліметіне сәйкес, 2004-жылы ҚР Қылмыстық Кодексінің жезөкшелікпен шұғылдануға итермелеу жөніндегі 207-бабы бойынша 13, ал зинақорлық ұясын ашу және жеңгетайлық жасау жөніндегі 271-бабы бойынша 347 қылмыстық іс қозғалған.
ҚР ІІМ-нің мәліметіне сүйенсек, 2004-жылы қанау мақсатымен адамдарды шетелдерге және транзитті шығару және сондай қадамға көндіруге байланысты қылмыстардан 26 адам, соның ішінде Қазақстанның 22, Өзбекстанның 4 азаматы зардап шекті.

Перейти к новостям спорта