Елімізде «Қазақстан экологиясы балалар көзімен» атты байқау өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде «Қазақстан экологиясы балалар көзімен» атты байқау өтеді

Елімізде «Қазақстан экологиясы балалар көзімен» атты байқау өтеді

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазақстан экологиясы балалар көзімен» атты республикалық байқау ұйымдастырады. Бұл туралы ведомствоның экологиялық саясат және тұрақты даму департаментінің бастығы Ғалия Кәрібжанова хабарлады.

  • 18 Ақпан 2011
  • 1393
Фото - Caravan.kz

«Биыл біз «Қазақстан экологиясы балалар көзімен» атты балалар байқауын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады. Мұндай байқау елде тұңғыш рет өткелі отыр. Жеңімпаздарға премьер-министр Кәрім Мәсімовтің дипломы табыс етіледі», — деді Г.Кәрібжанова жұма күні журналистерге.

Оның айтуынша, оқушылардың қоршаған ортаны қорғау тақырыбындағы суреттері мен шығармалары Тәуелсіздіктің 20 жылдығына бағышталады.
«Негізгі идея — экологияға, қоршаған ортаны қорғау проблемаларына балалардың көзімен қарау», — деп атап өтті департамент бастығы.
Г.Кәрібжанованың айтуынша, байқау өткізу туралы бастаманы үкімет басшысы да мақұлдаған. Қазір министрлік осы байқауға дайындыққа кірісіп кетті.
Наурыздың 1-інде басталған байқау 1-маусымға дейін жалғасады, деп атап өтті Г.Кәрібжанова.

Перейти к новостям спорта