Жарияланды: 240

Елімізде қоқысты кез-келген жерге төгетіндер космостан бақыланбақ

Қоқысты космостан бақыламақ! Енді елімізде тұрмыстық қалдықты кез-келген жерге тастай салатындар орбитадан суретке түсіріледі.  Отандық спутниктер әсіресе, Астана маңын ерекше қадағалауға алғалы отыр.

Яғни, бұдан былай айналаны ластайтындар бақылау камерасына ғана емес, аспаннан да суретке түсіріледі. Сөйтіп,тазалық сақтамайтындармен ашық күрес жарияланды. Тың бастаманың авторы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы. Әсіресе, олар Елорда маңындағы тазалыққа ерекше мән беріп отыр. Өйткені, соңғы кездері қала шетіне шығып түрлі тұрмыстық қалдықтарды төгіп кетушілер көбейген. Мына сурет ашық орбитадағы сол спуткиктердің түсірген алғашқы фотосы екен. Мұнда қызылмен қоршалған жерге әлдекімдердің қоқысты заңсыз төгіп кеткенін көруге болады. Егер жарты жолда қалдықты тастай салатын еріншектер анықталса ірі көлемде айыппұл күтіп тұр.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін