Елімізде қоршаған ортаға мониторинг жүргізудің 2005-2007-жылдарға арналған біртұтас бағдарламасы жасалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде қоршаған ортаға мониторинг жүргізудің 2005-2007-жылдарға арналған біртұтас бағдарламасы жасалуда

Елімізде қоршаған ортаға мониторинг жүргізудің 2005-2007-жылдарға арналған біртұтас бағдарламасы жасалуда

ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі қоршаған ортаға мониторинг жүргізудің 2005-2007-жылдарға арналған салалық біртұтас бағдарламасын жасау жұмыстарын жүзеге асыруда. Бұл туралы бүгін, 9-желтоқсанда өткен үкімет отырысында ҚР қоршаған ортаны қорғау министрінің орынбасары Сұлтанғали Бисенбаев хабарлады.

  • 9 Желтоқсан 2003
  • 492
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, республикада табиғи қорлар мен қоршаған ортаны қорғауға мониторинг жүргізу жүйелері жұмыс істейді, алайда олар жекелеген мекемелерге бағынышты болғандықтан «әдістемелік, бағдарламалық және ақпараттық тұрғыда біртұтас емес». Вице-министрдің айтуынша, осының салдарынан ақпаратты жедел пайдалануға мүмкіндік жоқ. Сол себепті С.Бисенбаевтың пікірінше, ақпараттық жүйелер негізінде табиғи қорлар мен қоршаған ортаны қорғауға мониторинг жүргізудің салалық біртұтас бағдарламасын жасау жұмыстарын «жедел қолға алу қажет».

Сондай-ақ, вице-министр алдағы уақытқа межеленген Каспий қайраңын игеру жобасына байланысты «эколог мамандар аймақтағы қоршаған ортаны қорғау ахуалына алаңдаушылық білдіріп отыр» деп мәлімдеді. Осыған сәйкес ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Каспий шельфіндегі әрбір ресурсқа жеке мониторинг жүргізуді» жоспарлап отыр деді ол.
Баяндаманы тыңдағаннан кейін үкімет отырысына төрағалық жасаған вице-премьер Александр Павлов қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бағдарламасын мүдделі министрліктермен және мекемелермен бірлесе дәйектеуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар