Елімізде қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талап күшейтіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талап күшейтіледі

Елімізде қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талап күшейтіледі

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі табиғат қорғау шараларын қамтамасыз етуге құлықсыздық танытып отырған табиғат қорын пайдаланушы ірі компанияларға қойылатын талапты күшейтеді. Бұл туралы бүгін, 18-ақпанда министрліктің алқа мәжілісінде сөз сөйлеген ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Ақпан 2005
  • 442
Фото - Caravan.kz

«Егер тиісті шара қолданылмаса, біз талапты күшейтуге мәжбүр болмақпыз. Өнеркәсіптік бизнестің дамуы мен қоршаған ортаны қорғау істері бір-біріне кереғар келуге тиіс емес. Дүниежүзінде мұндай уәжге нақты мысал көп»,- деді А.Самақова.

Ірі кәсіпорын жетекшілеріне қарата сөйлеген министр «табиғаттың байлығын тиімсіз пайдалану мен кемшіліктердің көптігіне» назар аударды. Ол осы орайда 2004-жылы «Аджип ККО», «Испат Кармет»ААҚ, «Қазақмыс» корпорациясының «Востокказмедь» филиалы мен «Атырауоблгаз»ААҚ табиғат қорын пайдалануға рұқсат берілмегенін еске сала кетті.
А.Самақова ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігінің табиғат қорғауды қадағалау комитетіне экология саласындағы құқық бұзушылықпен күресті күшейтуге бағытталған іс-шаралар жоспарын 2005-жылдың 1-наурызына дейін бекітуді тапсырды.

Перейти к новостям спорта