Елімізде қыс қарлы болады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде қыс қарлы болады

Елімізде қыс қарлы болады

Қазақстанға қыс ерте  келеді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында  «Қазгидромет» РМК ауа райының ұзақмерзімді болжамдар басқармасының басшысы Гүлмира Ақышева мәлім етті.

  • 17 Қазан 2016
  • 750
Фото - Caravan.kz

«Ұзақмерзімді болжамға сәйкес, елімізде қыс ерте келіп, қарлы болады деп күтілуде. Қараша айының бірінші жартысында еліміздің солтүстік өңірінде қар тұрақты жамылғысы болады, ал оңтүстік өңірлерінде қарашаның екінші жартысында қар жатады»,-деді Г. Ақышева.

Оның сөзіне қарағанда, қарашада ауа райы құбылмалы болады, яғни жауын-шашын мен тұман, көктайғақ жағдайлары жиі болады. Атап айтқанда, Қазақстанның басым бөлігінде температуралық режім климаттық норма аясында қалыптасады, ал жауын-шашын нормадан артық түседі деп күтіледі.

«Айтарлықтай суық температураны қарашаның екінші онкүндігінің соңында және үшінші онкүндікте болжап отырмыз. Ол кезде солтүстік, шығыс, орталық өңірлерінде ауаның сынап бағанасы түнде 15-27 градусқа дейін төмендесе, күндіз  8-15 температураны көрсетеді. Ал батыс, оңтүстік аумақтарда түнде 5-12, күндіз 0-5 градус деңгейінде байқалмақ»,-деді ол.