Елімізде резидент емес сақтандыру компаниялары мен сақтандыру агенттерінің лицензиялы іс-қызметпен заңсыз айналысу дерегін әшкерелеуге бағытталған шаралар жоспары жасалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде  резидент емес сақтандыру компаниялары мен сақтандыру агенттерінің лицензиялы іс-қызметпен заңсыз айналысу дерегін әшкерелеуге бағытталған шаралар жоспары жасалуда

Елімізде резидент емес сақтандыру компаниялары мен сақтандыру агенттерінің лицензиялы іс-қызметпен заңсыз айналысу дерегін әшкерелеуге бағытталған шаралар жоспары жасалуда

Елімізде резидент емес сақтандыру компаниялары мен сақтандыру агенттерінің лицензиялы іс-қызметпен заңсыз айналысу дерегін әшкерелеуге және осындай әрекеттің алдын алуға бағытталған шаралар жоспары жасалуда. Бұл туралы бүгін, 13-сәуірде KZ-today тілшісіне берген сұхбатында ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Қанат Досмұхаметов хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2004
  • 668
Фото - Caravan.kz

«Осындай шараны қолға алу туралы бастаманы біздің агенттік көтерді. Біз осы бағытта ҚР ҰҚК, ҚР әділет министрлігі, ҚР бас прокуратурасы мен басқа да қадағалаушы органдармен бірлесе әрекет етуді ұсынып отырмыз»,- деді Қанат Досмұхаметов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, соңғы бірнеше жылда Қазақстанның резиденті болып табылмайтын сақтандыру компаниялары мен сақтандыру агенттерінің республика аумағында лицензия алмай, заңсыз жұмыс істеуі жалпыхалықтық сипат алып, қаржылық пирамида кейпіне көше бастады. Қазіргі жағдаймен «Si Save Invest Limited», «Medlife» және «American Sacuritylife» тәрізді компаниялардың заңсыз әрекеттері әшкереленіп отыр. Осындай компаниялардың елімізде жұмыс істеуі капитал ағынының Қазақстаннан тысқары ағылу қаупін күшейте түсті.
Ресейде осындай іс-қызметке баға беруге талпыныс жасалған көрінеді. Тек соңғы бірнеше жылда бір ғана «Si Save Invest Limited» компаниясы 2,5-4 млрд. доллар көлеміндегі қаржыны Ресейден шығарып әкеткен.

Соңғы жаңалықтар