Айталық, бір ғана Қосалқы құн салығы бойынша салық есебін берудің камералық бақылау (салық мекемесінің өз қабырғасында бақылау) түрін енгізу қорытындысына сәйкес 2004-жылдың 9 айында 962 салық тексеруі аяқталып, 2,6 млрд. теңгенің салығы өндіріп алынды. Қаржы полициясы мекемелеріне процессуалдық шара қолдануға 415 материал тапсырылды.
Қосалқы құн салығын төлеуден жалтарып кету схемаларын әшкерелеуге және оған төтеп беруге бағытталған бақылау схемасын құруға баса назар аударылуда. Е.Чекаеваның айтуынша, 2005-жылы ақпараттық технологиялардың көмегімен Қосалқы құн салығын өндіріп алуға бағытталған 15-17 бақылау схемасын құру көзделген. Былтыр осындай 15 нобай жасалды. Барлық схемалар ақпараттық жүйеге қамтылады. Соның нәтижесінде салық инспекторлары үшін Қосалқы құн салығынан жалтару деректерін әшкерелеуге жағдай жасалады.
Салық комитеті төрағасының орынбасары сонымен бірге Қосалқы құн салығын тексеру барысында салық инспекторларының қолында барлық сатып алушылар мен сатушылар туралы, соның ішінде салық төлеушілер арасындағы қарым-қатынас пирамидасына да қатысты қуатты талдамалық материалдар болатынын атап өтті.