«Шараның мақсаты — санаткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларға тосқауыл қою болып табылады»,- деді Б.Әлиғожин. Шара айдың аяғына дейін созылады.
Оның айтуынша, «Интеллект» шарасының барысында ҚР әділет министрлігінің санаткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетінің қызметкерлері азаматтардың арыз-өтініштерін күн сайын қабылдап, оларды шұғыл қарайтын болады.
Сонымен бірге ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігімен бірлесіп «Бағдарламалық қамтамасыздықтарды құқықтық тұрғыда қорғау туралы» заң жобасының тұжырымдамасын жасау мақсатында дөңгелек үстел өткізу межеленген.
ҚР әділет министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2005-жылдың 9 айында 1000-нан астам тексерулер жүргізіліп, 50 млн. теңгенің қарақшылық өнімдері тіркелді. 1000-дай адам жауапкершілікке тартылып, салынған айыппұлдар көлемі 7 млн. теңгеден асты.