Елімізде сәуір айында қауіпті нысандардың қожайындарын сақтандыру шарасы басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде сәуір айында қауіпті нысандардың қожайындарын сақтандыру шарасы басталады

Елімізде сәуір айында қауіпті нысандардың қожайындарын сақтандыру шарасы басталады

Елімізде сәуір айында іс-қызметі үшінші жаққа қауіп төндіру ықтималдығы бар нысандар қожайындарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарасы басталады. Бұл туралы бүгін, 15-наурызда ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Мұхамбет Көпей үкіметтің отырысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 15 Наурыз 2005
  • 463
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, қазір басшыларының жауапкершілігі сақтандырылуы тиіс 700 ұйымды қамтитын мемлекеттік реестрдің жобасы жасалуда.

Сонымен бірге М.Көпейдің айтуынша, ҚР үкіметінің қаулысына сәйкес, өнеркәсіптік нысандардың қауіпсіздік декларациясын тапсыру ережелері мен нысандардың қауіптілігін анықтауға қойылатын басты талаптар бекітілген. Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен аталмыш қаулыға сәйкес өнеркәсіптік нысандардың қауіпсіздігі туралы 2005-жылы декларация тапсыруы тиіс өнеркәсіптік нысандардың тізіміне енген 265 ұйым декларация өткерді, тізімге 127 ұйым жаңадан енгізілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2004-жылы Қазақстанда 3041 адам өндірісте жарақаттанды. Олардың арасынан 356 адам қаза тапты. Қауіпті өндірістік нысандарда жарақаттану көрсеткіші артты. Министрліктің мәліметіне сәйкес, осындай кәсіпорындарда өлім құшқан адамдар саны 76 адамға жетті. Бұл 2003-жылғы көрсеткіштен 43 процент артық.

Перейти к новостям спорта