Елімізде саяси нәубет құрбандарының рухына тағзым ету шаралары өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде саяси нәубет құрбандарының рухына тағзым ету шаралары өтуде

Елімізде саяси нәубет құрбандарының рухына тағзым ету шаралары өтуде

Елімізде саяси нәубет құрбандарын еске алу күніне орай олардың рухына тағзым ету шаралары өтуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 31 Мамыр 2005
  • 503
Фото - Caravan.kz

Бүгін, 31-мамырда Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Владимир Бабичев Қарағанды облысындағы Спасск ауылында болып, сондағы бейітте саяси нәубет құрбандарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Елшінің айтуынша, бұрынғы Совет одағының барлық халықтары өкілдерінің ақтық мекеніне айналған жерге келіп, олардың рухына тағзым ету — қастерлі дәстүрге айналуға тиіс.

Саяси нәубет құрбандарын еске алу күніне арналған шаралар Екібастұз қаласында да өтуде. Саяси нәубет құрбандары жерленген бейіттер мен «Тірі жады» ескерткіш кешені аумағын жайластыруға жастар қауымы шықты. Шараны Республикалық «Отан» саяси партиясы Екібастұз қалалық өкілдігінің «Жас Отан» деп аталатын жастар қанаты ұйымдастырды.
Бұл ескерткіш кешен саяси нәубет құрбандарына, соның ішінде Екібастұзда болған саяси тұтқындардың төтенше лагерінде қамауда болғандарға арналған. Өлкетанушылардың мәліметіне сәйкес, 1952-1954-жыллар аралығында Екібастұзда «ІІМ-нің шалғай лагері» атты №11 айрықша лагерь болған. Ол 5 адамға есептелген еді. Ондағы тұтқындар Екібастұздағы көмір разрездерін салуға атсалысты.
ҚР бас прокуратурасыныің мәліметі бойынша, елімізде кейінгі кездері заңсыз нәубетке ұшыраған 325 мың азаматты ақтады, соның ішінде 75 мың адам «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР заңы 1993-жылы қабылданғанға дейін ақталды.
1993-жылдан бері прокуратура мұрағаттардағы 31784 адамға қатысты 20540 қылмыстық істі зерттеп, 25938 адам ақталды. Жер аударылғандарға қатысты 269 349 материал қаралып, 225015 адам ақталды.

Перейти к новостям спорта