Ауқымды денсаулық фестивалі Астана уақытымен 11 сағатта басталады.
«Денсаулық фестивалі» аясында еліміз бойынша бір уақытта барлық стадиондар, спорт алаңдары, жоғары білім ошақтары мен мектептерде «Президент милі» атты жаяу жарыс өтеді. Шараға оқушылар, студенттер, ұйымдасқан түрдегі топтар, әскерилер, ішкі істер органдарының қызметкерлері мен өз еркімен ниет білдірген барша қауым қатыса алады, дейді ұйымдастырушылар.
Шараның мақсаты халықты Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған қозғалысқа қамту, бұқаралық денешынықтыру мен спортты дамытуға саяды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті