Елімізде Сенат депутаттарының сайлауы басталып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде Сенат депутаттарының сайлауы басталып кетті

Елімізде Сенат депутаттарының сайлауы басталып кетті

Бүгін елімізде ҚР Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау науқаны басталды. 16 сенаторды еліміздегі мәслихат депутаттары құпия дауыс беру арқылы сайлайтын болады.

  • 28 Маусым 2017
  • 319
Фото - Caravan.kz

«Астана уақыты бойынша сағат 9-00-дегі жағдайға сәйкес барлық 16 пункт дауыс беру үшін толықтай жарақтандырылған және жұмыс істеуге дайын. Таңдаушылардың электронды тіркелуі басталды. Ол 10-00-ге дейін жалғасады және таңдаушылардың жиналысы Астана уақытымен тура сағат 10-00-де басталады. Дәл қазіргі уақытта election.gov.kz сайтынан онлайн режімде таңдаушылардың тіркелуіне бақылай аласыздар. Еліміздің 16 өңірінен 16 Сенат депутаты сайланады», — деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Константин Петров.

Бұған дейінгі түпкілікті деректерге сәйкес, еліміздің заң шығарушы органының жоғарғы палатасының 16 мандатына облыстардан, Астана мен Алматы қалаларынан 38 үміткер тіркелген. Сайлауға қатысатын таңдаушылардың саны — 3293. Сенат сайлауын 288 халықаралық байқаушы қадағалайды.

Таңдаушылардың саны бойынша басым аймақтардың қатарында Алматы (333), Шығыс Қазақстан (318) және Оңтүстік Қазақстан облыстары (312) бар. Ал Астана (25) мен Алматы (36) қалаларында таңдаушылар саны төмен.

Қазіргі уақытта дауыс беру бюллетеніне 5 өңірде 3 кандидаттан, 11 өңірде 2 кандидаттан тіркелген. Таңдаушылар — мәслихат депутаттары бюллетень алу арқылы қағаз түрінде дауыс береді. Дауыс беруді ұйымдастыру және дауыстарды енгізуде айтарлықтай жаңалық жоқ. Орталық сайлау комиссиясының нәтижесі барлық 16 өңірлік комиссиядан хаттамалар жиналғаннан кейін шығарылады.


«Конституциялық заңнамаға сәйкес нәтижені шығару үшін бізге 7 күн уақыт берілген. Меніңше, нәтижелерді жинағаннан кейін 7 күнді күтпестен дайын болуына қарай ертең не арғы күні жария етіп қалармыз», — деді Константин Петров.