Елімізде шағын қалалар қауымдастығын құру ұсынылып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде шағын қалалар қауымдастығын құру ұсынылып отыр

Елімізде шағын қалалар қауымдастығын құру ұсынылып отыр

Алматы облысының әкімі Шалбай Құлмаханов Қазақстанда шағын қалалар қауымдастығын құру туралы ұсыныс жасады. Мұндай ұсынысты ол бүгін, 11-тамызда Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстандағы шағын қалаларды дамытуға арналған республикалық семинардың ашылуында сөз сөйлеген кезде ортаға салды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 11 Тамыз 2003
  • 781
Фото - Caravan.kz

Ш.Құлмахановтың пікірінше, бүгінде еліміздің шағын қалалары өзіндік кешенді дамыту бағдарламасын жасауды талап етіп отыр. Қалалар душар болып отырған тауқыметтер де өзара ұқсас: инфрақұрылымның жоқтығы, тұрғындардың ауыр әлеуметтік ахуалы, демографиялық проблемалар, қаланың қала болып тұруына түрткі болушы кәсіпоорындар жұмысының тоқтап қалуы т.т.

Дейтұрғанмен, әкімнің пікірінше, әр қаланың өзіне ғана тән тауқыметтері мен өзіндік өсу потенциалы да жоқ емес.
Алматы облысын мысалға келтіре отырып Ш.Құлмаханов еліміздегі барлық шағын қалаларды жағрафиялық орналасуына және экономикалық әл-ауқатына қарай үш топқа бөледі. Әкімнің пікірінше, Алматымен қанаттас қалаларға саналатын Есік, Талғар және Қаскелең , сондай-ақ, өзін-өзі толыққанды қамтамасыз ете алатын Қапшағай және Жаркент қалаларының болашағы зор. Сонымен қатар, транспорттық тұрғыда жол тұйығында орналасқан Текелі, Сарқанд қалалары бар. Осыған байланысты экономикалық ахуалына, әлеуметтік инфрақұрылымына және даму басымдықтарына сәйкес әрбір қалаға өзіндік даму концепциясы қажет.
Шағын қалалардың әкімдері жинақталған тәжірибесімен өзара бөлісу үшін жиі бас қосып тұруы керек деп санайды Ш.Құлмаханов.

Соңғы жаңалықтар