Елімізде шағын жинақты мектептер саны қанша - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
18 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде шағын жинақты мектептер саны қанша

Елімізде шағын жинақты мектептер саны қанша

Оқу-ағарту министрлігі шағын жинақты мектептердің жұмысына кепілдік беретін нормативке түсінік берді.

  • 7 Наурыз
  • 9
Фото: Бөкейхан мектебі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

— Министрліктің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 185 бұйрығымен бекітілген халықтың тығыздығына және елді мекендердің қашықтығына қарай білім беру ұйымдары желісінің кепілдік берілген мемлекеттік нормативіне сәйкес, халық саны аз әрбір елді мекенде: бастауыш — білім алатындар саны 5-тен 40 балаға дейін, негізгі — 41-ден 80 балаға дейін, орта — 81-ден 180 балаға дейін жұмыс істеуіне кепілдік беріледі. Жалпы, еліміз бойынша 8 мыңға жуық мектептің ішінде екі мыңнан астам мектеп ауылда орналасқан шағын жинақты мектептер саналады, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұл ретте, халықтың көші-қонына байланысты ауыл мектебінің желісі мен контингенті жыл бойы өзгеріп отырады. 

— Сонымен қатар, «Білім туралы» заңның 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады, — деп аталып өткен ведомство ақпаратында.

Перейти к новостям спорта