Caravan Logo

Елімізде шенеуніктердің халыққа есеп беруі заңмен міндеттелмек

Елімізде шенеуніктердің халыққа есеп беруі заңмен міндеттелмек

Яғни, егер күш құрылымдары белгілі бір ауданда немесе қалада лаңкестер жарылыс ұйымдастырмақ болғанын байқаса, бірден жергілікті тұрғындарға ескерту жасайды. Және өрт, төтенше жағдай мен санитарлық, азық-түлік қауіпсіздікке қатысты болжамдардан да жұрт күні бұрын хабардар болуы керек. Сондай-ақ, жаңа заң жобасы бойынша, министрлер, әкімдер мен депутаттар халыққа жаппай есеп беруге міндетті. Әрбір мемлекеттік орган жұмсаған қаржысы, атқарған жұмысы, бюджет ақшасы мен қабылданған заң туралы тұрақты ақпарат таратып отыруы қажет. Оны тұрғындар онлайн жүйесі арқылы ғаламтордан бақылап отырады. Және кез-келген адам өзіне қажетті мәліметті сұрап, мемлекеттік органға хат жазуға құқылы. Ал, шенеуніктер 15 күннің ішінде жауап бермесе, жазаланады және ірі көлемде айыппұл салынады.

Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс депутаты:

-Заңның негізгі қағидаты – көп ақпаратты халыққа жеткізу уақытында. Мысалы, қауіпсіздік, нарықтық-экономикалық мәселелер, экологиялық мәселлеер бар. Апаттар болуы мүмкін. Бәрінің алдын алу үшін халыққа жедел және сапалы ақпарат беру керек.

Loading...